Аса ардақты Пайғамбарымыз(с.ғ.с)хадисінде былай дейді: Бір мұсылманның тақуалықтан кейінгі ең қайырлы нығметі-салих әйел.Дінімізде әйелдің орны мен қадірі өте ерекше екендігі белгілі. Сонымен салих әйелдің тұлғасын сипаттап өтсек:
1.Отбасының көз қуанышы, көңілдерді айдындататын құдды бір шамшырақ дерсің.
2.Шапағат,мейірім, кешірім,әдеп-ұят сынды асыл қасиеттерді бойына жинаған ізгі жан
3.Үй шаруаларын жасап, ері мен бала-шағасына қарайлап, сонымен бірге Құран оқып, ғибадатын да мүлтіксіз орындайтын нәзік құл
4.Ері үйіне келгенде оны күлімсіреп қарсы алып, жолға шығарда да жылы сөзін айтып, оралғанша дұғасына қосушы.
5."Тазалық-иманның жартысы"деп хадисте айтылғандай, үйі мен жеке басының тазалығына мән беруші таза жан.
6.Салих әйел ерінің көңілін жықпай, толық мойынсұнушы
7.Ері қуанғанда қуанып, ері қайғырғанда бірге қайғыратын үлкен жүрек иесі.
Ардақты Пайғамбарымыз(с.ғ.с) былай деген екен: Маған мына дүниеде үш нәрсе сүйкімді болды-әйел мен әдемі иіс, және көзімнің нұры болған намаз. Әйелдерімізді, әпке-қарындастарымызды аялап,құрметтей білейік, ендеше!