Яссауидің жастар тәрбиесіндегі орны
Саясат мың құбылып, дін қолжаулық болған жанкешті жахандану дәуірінде жастарымызға ұлттық кодымыздың бір негізі-құл Қожа Ахметтің тәрбиесін беру мәселесінің маңыздылығына сын көзбен қараудың қажеті жоқ. Өйткені, ұлттық бірегейлігімізді сақтап, Тоныкөктер армандаған Мәңгілік Ел боламыз десек, өткенімізге оралуға мәжбүрміз. Ардақты Пайғамбарымыз(с.ғ.с)бір хадис-шәріпінде: «Жастық-жындылықтың бір тармағы”деп дәл суреттеп кеткен екен. Ең өкініштісі, дінді саудасына негіздеген залымдар мен «ғалымдар”, жастарымыздың осы әлсіз тұсын пайдаланып, дүниетанымы қалыптаспаған жас көңілге...